Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Алматыда электр энергиясының неге берілмей қалғаны белгілі болды

2019 жылдың 13 тамыз 2019 20:26

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының кей аудандарында электр энергиясы өшіп қалды. Оқыс оқиғаға байланысты «Алатау жарық компаниясы» АҚ түсінік берді, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

«13 тамызда 17:42-де подстанса территориясынан тыс аймақта 6-10кВ кабельдердің өртенуіне байланысты N 168А «Есентай» стансасында жарық беру тоқтатылды. Қазір тұтынушыларды басқа стансаларға қосу жұмыстары жалғасып жатыр. Зақымдалған кабельдер қайта жөнделіп жатыр. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мамандары барлық қолайсыздықтарды шешіп, тез арада тұтынушыларға жарық беретін болады»,- деді Алатау Жарық компаниясынан.

Кабельдердің не себепті өртенгені анықталып жатыр.

Айта кету керек, жарықтың өшіп қалуынан кей көшелерде бағдаршамдар істен шығып, кептеліс пайда болды.


Перевод Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Оқиға, Алматы, Энергетика,
Жоғары қарай