Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Алматыда екі жер үй өртенді

2019 жылдың 6 қазан 2019 13:52

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жеке меншік секторда өрт болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Алмалы ауданында өрт шыққаны туралы хабар күндізгі 11-лер шамасында түскен.

«Өрт сөндірушілер келген сәтте мынадай жағдай орын алған: 50-ші жылдары салынған 2 жеке тұрғын үй өртеніп, (ескі, ағаштан салынған), жалын шаруашылық қораларына жайылған. Үйлердің бірі барақ тәрізді 4 пәтерге бөлінген», - деді ТЖД-да.

Тілсіз жау 11-20-да ауыздықталды. Өрттің жалпы аумағы 395 шаршы метрді құрады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Оқиға орнына ТЖД 44 қызметкері, 18 техника, полицейлер аттанды. Өрт сөндірушілердің арқасында жалын жақын маңдағы 3 үй мен олардың қораларына жайылып үлгерген жоқ.

Данияр Дәулеталиев

Басты сөздер: Алматы, Оқиға,
Жоғары қарай