Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 447.67
EUR 491.36
RUB 5.74
CNY 63.07

Алматыда CarCity автокөлік базарындағы адамдар эвакуацияланды

2020 жылдың 23 қаңтар 2020 18:38

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда CarCity автокөлік базарының маңындағы орындыққа белгісіз бір ер адам сөмке қойып кеткен, сондықтан полиция адамдарды эвакуациялауға мәжбүр болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күдік тудыратын сөмкені тексеріп жатқан сапердің видеосы әлеуметтік желіде тарады.

«Полицияға CarCity базарының жанындағы орындықта күдік тудыратын қара сөмке туралы хабарлама түсті. Бірден автокөлік бөлшектерін сататын базардың аумағы қоршауға алынды. Сатушылар мен адамдар эвакуацияланды. Саперлар аймақты толық тексеріп шықты. Сөмкеде жай құрылыс құралдары болған»,– деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.


Әлеуметтік желілерден алынған фото
Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Оқиға, Алматы,
Жоғары қарай