Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Алматыда Бүкіләлемдік этноспорт форумы басталды

2019 жылдың 20 сәуір 2019 23:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматы қаласы әкімдігі қолдауымен «Royal Tulip Almaty» қонақ үйінде Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының «Рухани жаңғыру. Ұлттық спортты дамыту» ІІ Халықаралық этноспорт форумы басталды, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық спорт қауымдыстығы мәлім еткендей форумға ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының құрметтті президенті Қайрат Сатыбалды, Бүкіләлемдік Этноспорт конфедерациясының басшысы Біләл Ердоған, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, Түркияның Жастар және спорт министрі Мехмет Мухаррем Касапоғлу, Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Ұлттық спорт қауымдастығының президенті, Парламент Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан, Түркия Сыртқы істер министрінің орынбасары Явуз Селим Қыран, Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің төрағасы Бағдат Амреев, Астана мемлекеттік қызмет хабының төрағасы Әлихан Байменов секілді лауазымды тұлғалар қатысып жатыр.




Әлемнің 30-ға жуық мемлекетінен жиналған 150-ден астам этноспорт делегациясының өкілдері екі күн бойы дәстүрлі ойындар мен спорт түрлерін әлемде дамыту, Қазақстанда өтетін І Бүкіләлемдік этноспорт ойындарын өткізу, Түркияда 2020 жылы ұйымдастырылатын IV Дүниежүзілік көшпенділер ойынын жетілдірудің жолдарын қарастырады. Кездесуде сондай-ақ басқа да әлемдік этноспорт саласының өзекті мәселелері талқыланып жатыр. Ал, форумның екінші бөлігі 20 сәуірге белгіленген.




Айта кетейік, аталмыш шараның өтуіне Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TİKA) де қолдау білдіріп отыр. Ал, халықаралық шараның Бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры».

Бұған дейін Алматыда этноспорт форумы өтетіндігін хабарлаған болатынбыз.

Автор Күнсұлтан Отарбай
Басты сөздер: Алматы, Қоғам, Спорт,
Жоғары қарай