Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 375.91
EUR 416.85
RUB 6.10
CNY 54.77

Алматыда бокс кешенінде кімдер өнер көрсетеді

2019 жылдың 9 желтоқсан 2019 15:16

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 16 желтоқсанда кәсіби бокстан халықаралық «Тәуелсіздік күні» кеші өтеді. Дүбірлі дода аясында алыс және жақын шетелдерден 12 бокс жұбы рингке шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спорт кеші Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында 16: 00-де басталады.

Спорттық іс-шараның жетекшісі болып кәсіпқой боксшы Виктор Коточигов тағайындалды.

Ол WBC International чемпионатында жеңіл салмақтағы әлем чемпионы атағын қорғайды. Ол үшін бұл кездесу мансабындағы 11 кездесу болып отыр. Оның қарсыласы - тәжірибелі аргентиналық Хавьер Хосе Клаверо. Хосе 32 жекпе – жекке шыққан, 27 рет жеңіп, 5 рет жеңілген.

Сондай - ақ, жерлесіміз, Азия чемпионы және жасөспірімдер арасындағы вице - әлем чемпионы Сұлтан Зәурбек WBC нұсқасы бойынша жастар арасындағы әлем чемпионы атағы үшін титулдық жекпе - жек өткізеді. Оның қарсыласы қытайлық Лешан Ли.

Жалпы, отандық кәсіпқой бокстың намысын Искандер Харсан (WBC жастар арасындағы құрлықаралық жеңіл салмақтағы чемпион) - камерундық Томаса Эссомбаға, Нұртас Әжбенов - Филиппиндық Леонға қарсы, Абай Төлеш - чехиялық Томас Безводқа қарсы, одан бөлек Рай Сейтжанов, Елшат Нығметолла, Мирасали Сәрсенов, Нұрдос Төлебай сияқты өсіп келе жатқан жас боксшылар қорғайтын болады.

Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Алматы, Спорт, Бокс,
Жоғары қарай