Ауа райы
Нұр-Сұлтан 18 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Алматыда бизнес алпауыттары жастарға өз тәжірибелерімен бөлісті

2019 жылдың 5 сәуір 2019 21:06 878

  АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бизнес саласының майталмандары жастармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

BI Group директорлар кеңесінің төрағасы мен акционері Айдын Рахымбаев, Globalink Logistics компаниясының СЕО Сиддик Хан, Forbes Kazakhstan шығарушысы Арманжан Байтасов, Chocofamily Holding негізін қалаушылардың бірі және СЕО Рамиль Мухоряпов, Phaeton DC негізін қалаушы Марат Шотбаев өздерінің табысқа жету құпияларын айтып берді.


null 

Олар сонымен қатар, практикалық кейстерімен және елде бизнес жүргізу бойынша кеңестерімен бөлісті.

Өткен жылдан бастап YPO форумы табысты бизнес өкілдерінің жас кәсіпкерлермен тәжірибе алмасуы үшін тиімді алаңға айналды. Спикерлер өз жетістіктерінің құпиясымен бөлісіп қана қоймай, бірқатар өзекті мәселелерді қозғады.

Белгілі журналист, медиасалада жетістікке жеткен Арманжан Байтасов жастарға медиабизнесте қалай табыс табудың қыр-сырын үйретті.


null 

«Мен бүгін жас кәсіпкерлерге медиажобалар фабрикасы жобасы туралы айтамын. Біз жастарға өз жобаларын ұсынуға немесе біздің жобаларға қатысуға мүмкіндік береміз. Мәселен, біз авто туралы бағдарлама түсіретін болсақ, жас кәсіпкерлер келіп, өз ұсыныстарын айтып, біздің жобаның қатысушысы бола алады. Осылайша біздің әріптесіміз бола алады», - деді А.Байтасов.


null 

Оның айтуынша, қазір медианарықта кез-келген кәсіпкер табысты болуына мүмкіндік бар.

«Медианарық - өсіп келе жатқан нарықтардың бірі. Мұнда идея мен жүзеге асыру процесінің арасы өте қысқа. Егер, идея күшті болса, оған инвестор да, эфир де табылады», - деді ол.

Арманжан Байтасов бүгінгі форумда жастарға медиабизнестегі басты трендтер, сандар, мәліметтер туралы айтып бермек.

«Қазір бұл нарықта қандай мамандықтарға сұраныс көп? Мен вебдизайнер туралы айтар едім. Бағдарламалауды, ағылшын тілін қосып үйренсеңіз, сізге баға жетпес еді. Ол үшін тіпті баспаларда тегін жұмыс істеуге болады. Мықты маман болып алсаңыз, шетелдерде болсын кез-келген жобаға алынар едіңіз. Сонымен қатар, мультимедиалық журналистикаға сұраныс өте жоғары. Адам егер де жақсы жұмыс істей алатын болса, жақсы контент жасау үшін оған телефон мен диктафон ғана жеткілікті», - деді Арманжан Байтасов.


null 

Ал BI Group директорлар кеңесінің төрағасы мен акционері Айдын Рахымбаев осы уақытқа дейін жас кәсіпкерлердің 24 стартап жобасына инвестиция құйғанын айтты.


null 

«Бізді соңғы қызықтырған жобамыз - Naimi.kz. Ол - білікті мамандарды табуға бағытталған жоба. Бұл жобаға 1 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция салдық. Жақын арада өзін ақтайтын болады деп сенеміз. Сонымен қатар, Бағдат Мусин басқаратын қордың жұмысына 10 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция салдық. Осы уақытқа дейін 24 стартапқа қаражат құйдық», - деді Айдын Рахымбаев.


null 

Оның айтуынша, бүгін жастарға 5 білікті бизнес саласының мықты майталманы өз тәжірибелерін айтады.

«Ең алдымен жас кәсіпкерлерді «бірінші капиталды табу, командамен қалай жұмыс істеймін» деген сұрақтар алаңдатады. Басқарушы көшбасшының да рөлі бөлек, әрине. Бірақ бұл жерде «жалғыздың аты шықпас» дегендей, бір адам жалғыз өзі бизнес құра алмайды. Жетістікке сәтті құрылған бизнес стратегия мен бірлігі жарасқан команда ғана жеткізеді», - деді Айдын Рахымбаев.


null 

Форум барысында әр презентациядан соң жастар өздерін алаңдатқан сұрақтарға жауап алды.

Айта кету керек, былтыр осындай форум бірінші рет Астанада өткен болатын. Оған бизнес иелері ғана емес, ЖОО студенттері қатысып, бастапқы капиталды қалыптастыру, жұмыс, отбасы, хобби арасындағы тепе-теңдікті қалай ұстап тұру жөнінде құнды кеңестер алған болатын.



null 

null 

null 

Жоғары қарай