Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 412.10
EUR 454.34
RUB 5.82
CNY 57.62

Алматыда бірқатар бағдарға қосымша қоғамдық көлік шығады

2020 жылдың 9 сәуір 2020 20:25

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы маршруттарына қосымша автобустар шығарылады. Бұл туралы Алматы қалалық Мобильділік басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарманың хабарлауынша, қоғамдық көліктердегі жолаушылар ағымына тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. Карантиннің күшейтілген режиміне қарамастан, талдау нәтижесі жекелеген бағыттарда жолаушылардың артқанын көрсетті.

«Сондықтан 9 сәуірден бастап № 57 маршрутқа 2 қосымша маршрут қосылды, 10 сәуірден бастап тағы 2 автобус іске қосылады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, 10 сәуірден бастап № 92,№ 29, № 141, № 118,№ 106, №38 маршруттарға қосымша жылжымалы бірліктерді іске қосу күтілуде»,–делінген Басқарма хабарламасында.

Сонымен қатар, басқарма қауіпсіздік мақсатында қалалықтарды үйден шықпауға, автобусқа бетпердесіз және автобус іші 40 пайызға толы болған жағдайда кірмеуге шақырады.


Жоғары қарай