Ауа райы
Нұр-Сұлтан 7 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 378.90
EUR 422.74
RUB 5.87
CNY 54.80

Алматыда балаларға арналған футбол мектебі ашылды

2018 жылдың 20 қазан 2018 18:38 609

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде футбол ойнауға арналған заманауи спорт кешені есігін ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыдағы қарапайым «Спутник» стадионында тіршілік қайтадан қыз-қыз қайнады. Енді мұнда «Jas qyran» атты заманауи спорттық-жаттықтыру кешені орналасады. Жаңартылған стадионда жаңа нысанның ашылу құрметіне алғашқы допты ҚФФ президенті Әділбек Жақсыбеков, вице-премьер Ерболат Досаев, Алматы әкімі Бауыржан Байбек, «Жас Қыран» қазақстандық балалар мен жасөспірімдер футбол лигасының президенті, бизнесмен Берік Қаниев соқты. Сондай-ақ, ашылу салтанатында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, қазақстандық футбол ардагерлері Құралбек Ордабаев, Михаил Гурман, тағы басқарлары қатысты.


«Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік - бастаманы іске асыруға мүмкіндік беретін құрал, біз қала тарапынан аталған нысанды 15 жылға басқаруға тапсырдық. Өздеріңіз көріп тұрғандай, көп қаражат жұмсалған, стадион, трибуналар жаңартылып, шатыры жөнделді, үш шағын футбол алаңы бар - заманауи стандарттарға сәйкес барлық жағдай жасалған. Таяу уақытта нысанды FIFA сертификаттайды», - деді Алматы әкімі Бауыржан Байбек.

Бойына қан жүгірген нысан 500-ге жуық жас футболшы жаттығатын, 25 жаттықтырушысы үнемі ауысымда болатын нағыз футбол орталығына айналды. Мұндағы жаттықтырушылар штаты 50 адамға дейін жетеді.


Алматы әкімі Әділбек Жақсыбековтың қолдауымен футбол және жеңіл атлетикаға арналған Орталық стадионның қосымша алаңын жаңарту жұмысы басталатынын баяндады.

«Келесі жылы Орталық футбол алаңын жаңарту жұмыстарын бастамақпыз, 30 мың адамға арналған жабық стадион болады. Қолдаудың арқасында халықаралық стандарттар бойынша 5 мың орынға арналған жеңіл атлетикалық жабық стадион салуды бастаймыз. Алматы - cпорттық шаралар орталығы. Жас спортшыларымыздың ата-аналарын құттықтаймын, олардан жоғары деңгейдегі спортшылар өсіп шығатынына, еліміздің лайықты азаматтары болатынына сенімім зор. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауының арқасында көп балалар спортпен айналысып, болашаққа сеніммен қарап, жаңа Қазақстанды қалыптастырады», - деп түйіндеді Б.Байбек.


null 

null 

 

 

Басты сөздер: Алматы, Әкімдік, Спорт,
Жоғары қарай