Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Алматыда әйелдер арасында жүгіруден жарыс өтті

2019 жылдың 28 қыркүйек 2019 18:33

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгін «Атакент» Қазақстан іскерлік ынтымақтастық орталығы паркінде әйелдер арасында жыл сайынғы жүгіруден жарыс өтті. Жарысқа 450 адам қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жарысқа 10-14 жас аралығындағы жас спортшылар алғаш рет қатысты. 3 шақырымды 11 минут 24 секундта еңсерген Рима Гранкина жеңімпаз атанды.

Негізгі қашықтықтың қатысушылары 7 шақырым жүгірді. Олардың арасында мәре сызығына бірінші болып келгендер мыналар:

1-орын – Татьяна Нерознак (0:26:31),

2-орын – Дана Гусарова (0:27:58),

3-орын – Екатерина Шатная (0:30:24).

Жас санаты бойынша да спортшыларды марапаттау рәсімі өтті. Атап айтқанда, Полина Репина - 15-29 жастағы қатысушылар арасында, Светлана Алехина - 30-39 жас, Альмира Құсайынова - 40-49 жас, Занфира Чернухина – 50 жастан асқандар арасында бірінші орын иеленді.




Өз қашықтығын түгел жүгіріп өткен қыздардың барлығы мәре сызығына жеткен соң медальдармен марапатталды.

«Мен 2017 жылдан бері жүгіремін. Қазір Алматы жартылай марафонына дайындалып жатырмын. Алғаш рет 21 шақырым қашықтыққа жүгірем. Әйелдер жарысына екінші рет қатысып отырмын. Менің мақсатым - жеңімпаз атану немесе жеке рекорд орнату емес. Маған әйелдер арасындағы жүгіру жарысы атмосферасымен ұнайды. Іс-шараның өзі жаңа жетістіктерді бағындыруға ынталандырады», - деді бүгінгі жарыстың қатысушысы Камилла Сейсебаева.

Әйелдер жарысында ең әдемі киінген арулар да атап өтілді.

Балалар арасындағы жарыста негізгі түс сары болса, 7 шақырымдық қашықтыққа жүгіргендер ақ киім киіп шықты. Қызғылт киім киген қыздар скандинавиялық жүріс бойынша да сынға түсті. Бұл спорт түрімен айналысатындар саны жылдан жылға артып келеді.




«Скандинавиялық жүріспен шұғылданып жүргеніме бір жылдан асты, - дейді «Алматы марафонының» қатысушысы Оксана Ким. - Бұл спортқа көңіл аударуыма күйеуім ықпал етті. Ол екі жылдан бері марафондарға қатысып жүр. Оған жанкүйер ретінде келіп, жарыстың атмосферасын көргеннен кейін өзімнің қатысқым келді. Бірден жарыс жолына шығу қиын болды. Сондықтан скандинавиялық жүріс - мен үшін оңтайлы жол. Қызымыз «Алматы марафонының» балалар арасындағы сынына қатысып жатыр. Бұл біздің отбасылық хоббиге айналды».

Барлық нәтижелерді мына сілтемеден көруге болады

Ендігі үлкен шара - Алматы жартылай марафоны 13 қазанда өтеді. Жарысқа 5000-ға жуық адам қатысады деп жоспарланған.




Басты сөздер: Алматы, Спорт,
Жоғары қарай