Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Алматыда автобус жүк көлігімен соқтығысып, бір адам мерт болды

2019 жылдың 13 қаңтар 2019 16:18

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысып, ГАЗель жүргізушісі мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кеше кешкісін, 12 қаңтарда Жанқожа батыр және Сырым батыр көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы болды. N 115 жолаушылар автобусы ГАЗель маркалы жүк көлігімен соқтығысты», - деп хабарлады «Алматыэлектротранс» компаниясының баспасөз қызметі.

Куәгерлердің айтуынша, автобус солтүстік бағытта келе жатқанда үшінші автомобиль бұрылмақшы болып, оның жолын кеседі.

«Автобус жүргізушісі онымен соқтығысудың алдын аламын деп, қарсы қозғалыстағы жолаққа шығып кетеді және ГАЗельмен соқтығысады», - деді тасымалдаушының баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі зардап шеккен. Оқиға орнына жедел жәрдем мен жол-патрульдік полиция қызметкерлері шақырылды. Кейін зардап шегушінің көз жұмғаны белгілі болды.

Қазіргі таңда осы факті бойынша тергеу жүріп жатыр.

Автор Самал Қабышева
Басты сөздер: Көлік, Алматы, Оқиға,
Жоғары қарай