Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Алматыда ашық аспан астында фильмдер көрсетіледі

2019 жылдың 6 тамыз 2019 14:37

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Ашық аспан астындағы кино» жобасын қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қалалық кино ортасы» Q-Lab қалалық жобалар зертханасының экспериментіне қолдау білдірдік. Бұл қызық мәдени және әлеуметтік тәжірибе, қалалықтар ашық аспан астында бірге кино көру үшін түрлі алаңдарда жиналады. 10 шілдеден бастап осындай төрт шара өтті, оған 2 мыңға жуық адам қатысты. Демек, демалыстың бұл түріне қызығушылық бар. Келесі аптадан бастап қаланың барлық аудандарында бір мезетте пилотты жобаның ауқымын кеңейтуді жоспарлаудамыз», деп жазды Бақыжан Сағынтаев Instagram-дағы парақшасында.








Перевод Алма Мұқанова
Басты сөздер: Мәдениет, Алматы,
Жоғары қарай