Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Алматыда арық желісінің картасы жасалады

2019 жылдың 12 қараша 2019 21:42

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы билігі арық желілерінің картасын жасауға байқау жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қалада 1200 шақырым арық желісі бар. Олардың ішінде 1100 шақырым арық желісі аудандық әкімдіктердің қарауында жатыр. Қалған арық желісі иесіз жатыр. Алматының территориясы кеңейгенде біраз шақырым арық желісі әлі балансқа алынған жоқ. Олардың барлығына инвентаризация жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта балансқа алынады» , - деді қалалық Жасыл экономика басқармасының басшысы Ержан Сейтенов.

Оның айтуынша, соңғы 3 жылда 300 шақырым арық желісі қайта жөнделген. Бұл жұмыстардың арқасында су алу қаупі 3 есе төмендеді. Былтыр 54 шақырым арық салынса, биыл аудандық әкімдіктер 30 шақырым арық желісін жөндеумен айналысып жатыр.

«Бұл жеткіліксіз, әрине. Биыл арнайы байқау жарияланады. Жоба бойынша 370 шақырым арық желісін салу жоспарланып отыр. Арық желілерін инвентаризациялауға жарияланған байқау бізге түйткілді тұстарды анықтауға мүмкіндік береді. Келесі жылға жоба аяқталса, сараптамадан өткізіп, жұмысты толық бастаймыз», - деді ол.

Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Алматы, Қоғам, Құрылыс,
Жоғары қарай