Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 412.10
EUR 454.34
RUB 5.82
CNY 57.62

Алматыда арнайы әскери жиындарға қанша адам шақырылады

2020 жылдың 6 сәуір 2020 18:17

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда арнайы әскери жиындарға 200 әскери міндетті азамат шақырылады. Бұл туралы қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы Амантай Өсербаев онлайн-брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір Алматыда 300-ге жуық өтініш түсті. Бұл тізім тексеріліп, Алматы әкімінің қаулысымен жоспарланып отырған 200 адам шақырылады. Олар 1 ай мерзімге шақырылады. Жұмыс істеп жүрген әскери міндеттілерге еңбекақы орташа жалақысы мөлшерінде, ал жұмыс істемейтін азаматтарға ең төменгі жалақы мөлшерінде төленеді. Сонымен қатар жұмыс істейтін азаматтарға жұмыс орны сақталады. Оларға үйінен жиналу орнына дейін жолақысы төленеді. Сондай-ақ, түскі ас, кешкі асы тегін болады», - деді Амантай Өсербаев.

Оның айтуынша, әскери жиындарға 3 баласы бар әскери міндеттілер, әйел адамдар шақырылмайды.


Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Алматы, Аймақ,
Жоғары қарай