Ауа райы
Астана 32 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Алматыда 8 мың подъезд күнделікті дезинфекциялық өңдеуден өтеді

2020 жылдың 31 наурыз 2020 13:57

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімдігі карантин кезінде қанша дезинфекциялық ерітінді жұмсалғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Урналар, орындықтар, аялдамалар, жерасты және аспалы жолдарды зарарсыздандыруға 60 жұмысшы жұмылдырылған.

Әкімдік таратқан ақпаратқа сәйкес, ТЖ кезеңінде қалада 600 000 литр ерітінді пайдаланылған.

Қоқыс шығаратын ұйымдар қоқыс жәшіктері алаңдарын зарарсыздандыруға 43 мың литр ерітінді жұмсап, 85 жұмыскер жалдаған.

Қоғамдық көліктерді зарарсыздандыру үшін 130 литр ерітіндіні 100 жұмыскер шашып шыққан.

Аулалар мен подъездерді дезинфекциялауға 512 жұмысшы 150 мың литр ерітінді жұмсаған. Алматыда күніне 8 мың поъезд, 1300 аула зарарсыздандырылады.


Жоғары қарай