Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 377.29
EUR 418.41
RUB 6.09
CNY 54.66

Алматыда 600-ден астам жас ұстаз 50 мың теңгеден үстемеақы алды

2019 жылдың 4 қазан 2019 18:27

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев педагогтарды ұстаздар күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімнің айтуынша, биылғы оқу жылында Алматы мектептерінде жұмыс істейтін барлық жас ұстазға қаржылай көмек көрсетілген. Көмектің жалпы көлемі – 23 миллион теңге.

«634 жас оқытушының әрбіріне 50,5 мың теңгеден қаржылай көмек берілді. Жалпы сомасы – 32 миллион теңге болды. Қаламыздың педагогтар ұжымы жас, қайратты педагогтармен толыққаны қуантады», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Бұдан бөлек, 2020 жылдан бастап Алматыда арнайы гранттар енгізіледі.

«Менің тапсырмаммен 2020 жылдан бастап қаланың үздік оқытушыларына берілетін Алматы қаласы әкімінің гранты енгізіледі әрі «Жыл оқытушысы» қалалық байқауы өткізіледі», - деді әкім.

Бұдан тыс, 1100-ге жуық педагогқа «Үздік педагогтар ұжымы» байқауының қорытындысы бойынша ақшалай сыйлық беріледі.

«Үш жыл бойы 2,5 мың оқытушы «Үздік педагогтар ұжымы» байқауы бойынша ақшалай сыйлық алып келді. Бүгін, жеңімпаз атанған 10 мектепте жұмыс істейтін 1099 оқытушыға беріледі», - деп түйді қала басшысы.







Авторы: Данияр Дәуітәлиев

Басты сөздер: Алматы, Әкім, Білім, Аймақ,
Жоғары қарай