Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Алматыда 400-ден астам полицей шұғыл дабылмен көтерілді

2019 жылдың 14 тамыз 2019 12:56

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Алматы қаласының төрт ауданы полициясының жеке құрамы шұғыл дабылмен көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Наурызбай, Алатау, Әуезов және Бостандық аудандарында полиция қызметкерлері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршау, көліктерді қауіпсіз қашықтыққа эвакуациялау, сонымен қатар тұрғындарға ескерту жұмыстарымен айналысты. Атап айтқанда, учаскелік инспекторлар, патрульдік полиция, мамандандырылған батальон мен аудандық жедел-тергеу топтары жұмылдырылды», - дейді Алматы қалалық ПД басшысының орынбасары Ізбасар Бектұров.

Жалпы, сел қаупі бойынша қағылған дабылмен Алматы полициясының 400-ден астам қызметкері көтерілді.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Су тасқыны,
Жоғары қарай