Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 448.52
EUR 490.32
RUB 5.69
CNY 63.23

Алматыда 13 мың оқушыға арналған сегіз мектеп салынады -  Сағынтаев

2020 жылдың 19 ақпан 2020 12:11

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполис тұрғындарымен есеп беру кездесуінде алдағы екі жылда сегіз мектеп бой көтеретінін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала басшысының мегаполис тұрғындарымен есеп беру кездесуінде мектептерде орын тапшылығы мәселесі көтерілді, әсіресе Алатау ауданының «Рахат» ықшамауданында.

Әкім 2021 оқу жылына дейін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында 12 900 оқушыға арналған сегіз мектеп, оның ішінде» Рахат» ықшамауданында 1 мектеп салу жоспарланғанын атап өтті. Қазірдің өзінде 1800 орындық екі мектептің құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар, қолданыстағы мектептерді 2017 орынға кеңейту жоспарланған.

Сондай-ақ, 2020-2022 жылдары жеке инвестициялардың есебінен 2240 орындық төрт мектеп, 8000 орынға 300 балабақша ашу жоспарлануда.

Осылайша, мектептердегі тапшылықты 30 мың орынға, балабақшадағы кезекті 10 мыңға азайтуға мүмкіндік туады.


Жоғары қарай