Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Алматы зообағының мекендеушілері қыстық «киімдерін» ауыстырып жатыр

2019 жылдың 7 сәуір 2019 12:35

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы хайуанаттар бағының жануарлары жаз маусымына дайындалып, қысқы «киімдерін» ауыстырып жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Зообақ қызметкерлерінің айтуынша, жануарлар жазға дайындала бастаса, нағыз көктем келді деген сөз.

«Біз де қыстық киімдерімізді ақырындап ауыстыруымыз керек, өйткені көктемгі ауа райы құбылмалы», - дейді Алматы зообағының фотографы Михаил Сорокоумов.



Жануарлар да көктемге өздерінше дайындалады. Барлық жануарлар да қыстық киімдерін жаздық киімге алмастырады. Ал, күн суытқан кезде оларда өздігінен табиғат сыйлаған жылы киім пайда болады.

«Көктем келісімен күн ұзарып, хайуанаттар бағына келушілер де арта түседі. Мұндағы жануарлардың кейбірі жазғы орындарына көшірілді. Бір сөзбен айтқанда, жылы күндер басталды, күн әбден жылығанда жануарлардың барлығы жазғы торларға ауыстырылады», - деді Алматы зообағы директорының міндетін атқарушы Айгүл Түлеева.



Зообақ фотографы жануарлардың қыстық киімдерін ауыстырып, ұяларын салып, балапан басуға дайындалып жатқан сәттерін суретке түсіріп алды.

«Аққу мен тауыстар «киімдерін» жазға дейін асықпай ауыстырады. Мысықтар мен аюларда бұл үдеріс аса байқала қоймайды. Ал, түйе, қой және бұғылардың жүндерін қосымша қырқуды қажет ететін сәттер болады», - деді Михаил Сорокоумов.










Басты сөздер: Қоғам, Алматы,
Жоғары қарай