Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Алматы зообағы болашақта қалай өзгереді

2019 жылдың 12 шілде 2019 16:44

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы зообағы жаңа келбетке ие болмақ. Нысанды қайта жаңғырту үшін демеушілер 223 млн теңге аударды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Зоологиялық бақті үлкен өзгерістер күтіп тұр. Қазіргі таңда жұмыс басталып кетті. Зообақ басшылығы күзде қар барысын қайтару туралы жаңа бағдарлама бастамақ. Бұл өзгерістердің алғашқысы ғана», - деді зообақ басшысы Вячеслав Банщиков.

Қайта жаңғыру бағдарламасына қаражатты көбінесе бизнесмендер жіберуде.

Зообақ директоры Вячеслав Банщиковтың бастамасымен бақ территориясы абаттандырыла бастады. 10500 метр асфальт, 6288 метр бордюр төселді. Бұған 57 млн теңге қаражат жұмсалды. Орталықта құны 20 млн теңге болатын құрғақ субұрқақ салу жоспарланған. Құны 3,5 млн теңге болатын аспашамдар ауыстырылды. 35 көлік қара топырақ әкелінді.



null


null


null


null


null


null

Жақын арада зообақта жаңа медициналық пункт ашылады. Оған 3 млн теңге жұмсалады. Сонымен қатар, ана мен бала бөлмесі жасақталады. Оған 4,4 млн теңге қарастырылған. Зообақ келушілеріне арналған демалыс аумақтары салынып, ол жерде тегін су беріледі.



null


null


null


null

Зообақтың инженерлік желілері 30 жылдан бері жаңартылмаған. Оларды ауыстыруға 41 млн теңге қарастырылған. Одан бөлек аннотация- этикеткаларды ауыстыруға, амфитеатр, кіреберіс дизайнын жетілдіруге қаражат бар.

Айта кетсек, бүгінде зообақта 375 жануардан 3447 түрі бар. Жануарлар 6 экспозицияға бөлінген. Оның ішінде Қазақстан қызыл кітабына енген 25 жануар кездеседі.




null


null


null


null


null


null


null


null


null


null


null


null


null


null


null


null


null


null


null


null


null

Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Қоғам, Алматы,
Жоғары қарай