Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 378.93
EUR 423.00
RUB 5.87
CNY 54.82

«Алматы - Ұзынағаш» пойызына билетті Оңай арқылы алуға болады

2019 жылдың 22 қаңтар 2019 16:12 666

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  - «Алматы-Ұзынағаш» электропойызында жол ақысын Оңай картасы арқылы төлеуге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл мүмкіндік 23 қаңтардан бастап қолжетімді болмақ.

«Біз Оңай жүйесінің көптеген мүмкіндіктері бар екенін және оның ары қарай дамытуға болатынын бірнеше рет айтқан едік. Оңай өз қолданушыларымен үнемі байланыста болып, тек қоғамдық көлікте ғана емес, басқа да тауарларды сатып алуға ыңғайлы болуы үшін қызмет атқарып жатырмыз. Оңай жүйесі кез келген электронды қызметтермен ешбір техникалық кедергісіз интеграциялана алады», - деді Алматы қаласы көлік холдингінің директоры Садир Хамраев.

«Алматы 1 - Ұзынағаш - Алматы 1» бағытымен қатынайтын «Тұран Экспресс» жолаушылар көлігінің бағасы барлық Оңай қолданушылары үшін ешқандай жеңілдіксіз 80 теңге болып отыр. 

Бұл қызметті тек Оңай картасы, «Дизайнерлік» карта, «Оңай» әшекейі (брелогы), мектеп оқушыларының Оңай көлік картасы, Алматы облысының мектеп оқушысы картасы, студенттік карта, қоғамдық көлік картасы, 75 жасқа дейінгілер қолданатың зейнеткерлер қоғамдық картасы, көпбалалы ана қоғамдық картасы бар қолданушылар пайдалана алатынын атап өткен жөн.

Бүгінгі таңда Оңай картасымен Алматы зообағында, «Медеу» мұз айдынында, «Көк-Төбе» саябағында  төлем жасауға болады.

 

 

Жоғары қарай