Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 384.52
EUR 431.32
RUB 6.10
CNY 55.89

Алматы тұрғыны анасын құтқарған полицейлерге алғыс айтты

2019 жылдың 18 маусым 2019 11:19 667

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы тұрғыны «Аулада қабылдау» пунктіне келіп, қарт анасын өлімнен құтқарып қалған полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қызметтік міндетін жақсы атқарғаны үшін Алмалы аудандық Полиция басқармасының капитаны Сиязханов, Өтелов мырзаларға алғысымды білдіремін. Полицейлердің арасында өз қызметіне берілген, адал, тәртіп сақшысы деген атқа лайық қызметкерлер өте көп. Солардың бірі осы кісілер. Үйде қарт анам мен қарындасыма бұрын сотталған жігіт қол көтерген. Сөйтіп, оқиға орнынан қашып кеткен. Жедел іздестіру шараларының арқасында инспекторлар  Сиязханов пен Өтелов оны ұстап, жауапқа тартты», - делінген хабарламада.

Алматы тұрғыны тәртіп сақшыларына сәттілік тіледі.

 

 

 

 

 

Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Алматы, Қоғам,
Жоғары қарай