Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

Алматы тұрғындары 600-ден астам көше шамы жарық бермейтінін хабарлаған

2019 жылдың 15 қазан 2019 11:44

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда барлық проблемалық учаскелерді аралау барысында 600-ден астам жұмыс істемейтін көше жарығы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімінің айтуынша, қаланы жарықтандыру жөнінде тараған ақпараттан соң қалалықтардан орын алған кемшіліктер туралы көптеген хабарлама келіп түскен.

«Кей жерлерге бағаналар орнатылғанымен, шамдар ілінбеген, кей жерлерде жарық жанбайды. Өткен аптада барлық проблемалы учаскелерді аралаған кезде 622 істен шыққан жарық көзі анықталды. Бүгінгі күні 529 шам жөнделді. Әлеуметтік желілердегі біздің ресми аккаунтарымызға келіп түскен азаматтардың өтініштері бойынша жаңа жарық нүктелерін тарту бағыттарына мониторинг жүргізілуде», - деп жазды Бақытжан Сағынтаев Instagram-дағы парақшасында.

Сондай-ақ, қала басшысы бақылауды күшейтіп, күнделікті мониторинг жүргізуді жалғастыратындарын атап өтті.

«Мегаполистің тыныс-тіршілігінің барлық салаларына жауапкершілігі мол қызмет көрсетушілер қажет. Қалалықтарға шаһарды абаттандыруға қатысқандары үшін алғыс білдіремін», - деді ол.

Жоғары қарай