Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Алматы тауларында қар көшкіні болуы мүмкін

2019 жылдың 1 сәуір 2019 20:02

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының ТЖ департаменті таудағы қар көшкіні қаупін ескертеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы ТЖ департаменті «Қазгидромет» РМК филиалының 1 сәуірдегі алдын-ала ескертуін негізге ала отырып хабарландыру жасады.

«Күннің жылынуына байланысты қар жамылғысының тұрақсыздық жағдайына және 2-5 сәуір аралығындағы Кіші Алматы өзені бассейнінде күтілетін жауын-шашынға байланысты қар көшкіндерінің қауіпті жағдайы сақталады», - делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ, алматылықтарға қар көшкіндеріне байланысты қарлы-беткейлерге шығудан бас тартуға кеңес беріледі.

Жоғары қарай