Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Алматы прокуратурасы «STOP Экстремизм!» әлеуметтік жарнама байқауын  жариялайды

2019 жылдың 17 қазан 2019 12:56

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы прокуратурасы «STOP Экстремизм!» атты әлеуметтік жарнама байқауын жариялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Барлық қазақстандықтар терроризмге қарсы әрекеттер туралы бейнеролик түсіріп, өздерін нағыз режиссерлер ретінде сынай алады. Жұмыста діни экстремизммен күресудің әлеуметтік жарнамасы көрсетілуі тиіс.

Байқауды мақсаты – жастардың зейінін терроризм мәселесіне аудару және экстремистік идеологияға қарсы әрекеттегі шығармашылық әлеуетін іске асыру болып табылады. Жобаны Алматы қалалық прокуратурасы және «Social Development Center» Қоғамдық қоры жүзеге асырады.

Байқауға қатысу үшін қазақстандық қоғамда діни экстремизм мен терроризм идеологиясының алдын алуға бағытталған ерекше бейнеролик түсіру керек. Негізгі бағыттары мынандай:

Ұлттық дәстүрлер мен зайырлы мемлекеттің құндылықтарын насихаттау;

Конфессияаралық келісім мен толеранттылықты нығайту;

Халықтың діни және құқықтық сауаттылығын көтеру;

Терроризмнің дүниежүзілік қоғамдастық көлеміндегі қаупі.

Байқау жұмыстары бір автордан немесе бір ұжымынан қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.

Өтініштер 2019 жылдың 16 қазаны мен 21 қараша аралығында қабылданады.

Байқау барысында қазылар алқасы үздік 5 бейнероликті таңдап алады.Үміткерлер Алматы қаласында өткізілетін марапаттау рәсіміне шақырылады. Онда жеңімпаздарға келесі номинациялар бойынша сыйлықтар тапсырылады:

1. «Үздік әлеуметтік ролик» – 700 000 теңге;

2. «Үздік идея» – 400 000 теңге;

3. «Үздік режиссёрлік жұмыс» – 300 000 теңге.

Сондай-ақ, өтініштер stopextremism.kz@gmail.com адрес бойынша қабылданады. Қосымша мәліметтерді Алматы қаласы прокуратурасының ресми парақшаларынан білуге болады:

Instagram – @prokuror_almaty.kz

Facebook – @almatyprokuror

Жоғары қарай