Ауа райы
Нұр-Сұлтан 15 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Алматы полициясының басшылығы жолға шықпақ

2019 жылдың 4 сәуір 2019 20:32 749

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ҚР ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаевтың бастамасымен жаңа форматқа көшкен «Жолда қабылдау» акциясын ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Енді бұл акция жол қауіпсіздігі мәселесін шешуге ғана емес, көші-қон ахуалын бақылауда ұстауға, рұқсат беру, лицензия беру жүйесі мен мемлекеттік қызметтің дұрыс орындалуын қадағалауға бағытталады. Бұл акцияны өткізуге  ПД қоғамдық кеңесінің мүшелері, блогерлер тартылды», - деді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Алматыда үш Жолда қабылдау пункті істеп тұр.

«Олар «Атакент» орталық көрме кешенінің жанында, Саялы шағын ауданындағы арнайы ХҚКО маңында, «Адем» сауда үйінің маңында орналасқан. Мобильді қабылдау бөлімдері өз жұмысын таңғы 9-дан кешкі 19:00-ге дейін жалғастырады. Акция сәуірдің 5-6 жалғасады», - деді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Автор: Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Алматы, ҚР ІІМ,
Жоғары қарай