Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 397.56
EUR 445.94
RUB 5.82
CNY 55.96

Алматы полициясы қорғаныс костюмдерімен қамтамасыз етілді

2020 жылдың 10 сәуір 2020 17:17

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы полициясы 300-ге жуық қорғаныс костюмдерін алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше,бұл киімді бірінші кезекте Алматының карантинді периметрі бойындағы 27 бақылау-өткізу посттарында тұрған полиция қызметкерлері киеді.




«Бұл костюмдерді ІІМ-нің тапсырмасымен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері дайындады. Бүгін бізде 280 жиынтық бар, алдағы уақытта олардың санын 350-ге жеткіземіз. Бақылау-өткізу посттарында қызмет етіп жүрген Алматы гарнизоны мен бөлімшелерінің қызметкерлері қорғаныс киімдерін киді. Күн сайын олар азаматтармен тығыз байланыста болады, олардың арасында «қауіп тобына» кіретін адамдар да болуы мүмкін. Яғни оны жұқтыру қаупі өте жоғары. Карантиндік шаралар басталған кезден бастап ішкі тәртіпті сақтауды қамтамасыз ететін ішкі істер органдарының қызметкерлері периметрдің айналасында да, қала ішінде де медициналық масканы, қолғапты және антисептикалық құралдарды қолданып жүр. Полиция барлық қажеттіліктермен толық қамтамасыз етілген», – деді Алматы қалалық ПД басшысы Қанат Таймерденов.




Қалалық полиция басшысының айтуынша, Алматыдағы карантиндік іс-шараларға Полиция департаментінің жеке құрамынан,Ұлттық ұлан мен қорғаныс министрлігінен алты мыңға жуық адам тартылған. 997 жаяу патрульдеу бағыттарында 3 мыңға жуық адам қызмет етеді.











Жоғары қарай