Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

Алматы полициясы алма бағындағы ағаштардың оталуына байланысты істі тергеуді бастады

2019 жылдың 17 қазан 2019 10:48

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда белгісіз біреулер жекеменшік алма бағының ағаштарын кесіп тастаған. Полиция тұрғындардың шағымынан кейін істі тергеуді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Азаматша Ж.О.Орымбаеваның арызы қабылданды. Қазіргі уақытта Алматы қалалық ПД тергеу басқармасында тергеу амалдары жүргізілуде. Ол ҚР ҚК-нің 188-бабы, 1-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді », - деп хабарлады ПД.

Қылмысты тергеу үшін арнайы тергеу-жедел тобы құрылды.

«Істің объективті болуы үшін алдымен заңсыз әрекетке барған тұлғаларды анықтау қажет. Содан кейін оларды ұстау керек. Әрі қарай жауапқа тарту бойынша кешенді шаралар қабылданады», - деп толықтырды полиция.

Қазір қоршаған ортаға және зардап шеккен тарапқа келтірілген шығынды анықтау үшін сараптамалық зерттеулер тағайындалды.

«Қылмыстық тергеудің барысы Ішкі істер министрлігі мен Алматы қалалық қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мамандандырылған прокуратураның бақылауында», - деді тәртіп сақшылары.

Бұған дейін, алматылық әйел ата-анасы өсірген алмабақтың ағаштарын белгісіз біреулердің кесіп кеткені туралы жазған еді. Бақта алманың сирек кездесетін «апорт» және «кандил» сорттары болған. Ұрылар қоршауды бұзып, ағаштарды тамырымен жұлып тастаған.

Жоғары қарай