Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 371.56
EUR 422.43
RUB 5.56
CNY 53.51

Алматы облысының мемқызметкерлері тергеу оқшаулағышында болды

2018 жылдың 19 қыркүйек 2018 00:23 99

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында мемлекеттік қызметкерлері тергеу оқшаулағышында болып, ондағы жағдаймен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шалынып қалма!»  жобасы аясында өткен бұл шараны ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаменті ұйымдастырып отыр.

Мемлекеттік қызметкерлер Талдықорған қаласындағы СИ-16 тергеу изоляторында болды. Түзету мекемесіндегі жағдаймен танысып,қамауда отырғандардың жай-күйін көрді.

«Мұндағы мақсат өңірдің мемлекеттік қызметшілері мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Сондай-ақ бас бостандығынан айырылып, түзету мекемелерінде болудың ауыртпалығын сезіндіру», -дейді департаменттің ресми өкілі Сымбат Исрапулова. Биылғы жылдың алты айында осынау бастамашыл шара аясында облыста 45 мемлекеттік қызметші түзету мекемесіне экскурсия жасады. Мұндай кездесу барысында түзету мекемелерінің жеке құрамымен де сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша семинарлар ұйымдастырылып, «Шалынып қалма!» жобасының мақсат міндеттері түсіндіріледі.

 

 

Жоғары қарай