Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Алматы облысының құтқарушылары қыстақтарды аралады

2020 жылдың 21 қаңтар 2020 22:17

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының құтқарушылары өрт қауіпсіздігін пысықтау мақсатында қыстақтарды аралап шықты.

Жеңіл көлік жүре алмайтын шаруа қожалықтарына олар атпен және қарда жүретін арнайы техникамен жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қыста пешті тек жеке тұрғын үй секторының тұрғындары ғана емес, шалғайдағы қыстақтарда малшы қауым да жағады. Сондықтан Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары Талдықорған маңындағы қыстақтар мен шаруашылықтарды аралап шығып, өрт қауіпсіздігін түсіндірді.

Шараға қатысқан облыстық ТЖД Талдықорған гарнизонының 60 қызметкері атқа мініп, арнайы қарда жүретін көлікті тізгіндеп, жолы жоқ қары қалың қожалықтарға барып, ақпараттық парақшалар таратты.




«Мұндай әдіс олардың жұмысын нәтижелі етіп, төтенше жағдайдың алдын алуға мүмкіндік береді», дейді сала мамандары.

Ал шаруашылық басшылары мен малшы қауым бұл рейдтік шараларға түсіністікпен қарап, кемшіліктерді жойып, қауіпсіздікті сақтауға сенім білдірген.





Жоғары қарай