Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Алматы облысында жұмыспен қамту орталығының директоры бірнеше рет пара алған

2019 жылдың 30 қазан 2019 18:02

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жамбыл ауданы әкімдігіне қарасты Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ директорына қатысты жүйелі негізде пара алды деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Орталық директоры «Жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша несие алуға көмек көрсеткені үшін кәсіпкерлерден 50 мыңнан 200 мың теңгеге дейін пара алды деген төрт факті негізінде күдікке ілініп отыр.

Шенеунікке қатысты процессуалдық ұстау оның кінәсін мойындауына және күдіктінің мен қорғаушысының процессуалдық келісімі туралы өтінішхатына байланысты қолданылған жоқ», делінген хабарламада.

Агенттік баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайды.

Жоғары қарай