Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Алматы облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты

2019 жылдың 16 қыркүйек 2019 16:50

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында жол-көлік апатынан 7 адам ажал құшты. Оқиға қыркүйектің 15-нен 16-на қараған түні Ескелді ауданында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы-Текелі тас жолының 26 шақымырында «Ауди-100» маркалы екі көлік соқтығысқан. Оқиға орнында 6 адам тілге келместен көз жұмған. Тағы үш адам түрлі дене жарақатымен Текелі қаласының ауруханасына жеткізілген.

«Дәрігерлердің алғашқы көмегіне қарамастан бір адам ауруханада көз жұмды. Қазір осы жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК 345 бабы 3 бөлігімен сот алды тергеу жүріп жатыр», - деп мәлімдеді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.


Жоғары қарай