Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 386.80
EUR 429.27
RUB 5.78
CNY 54.89

Алматы облысында жол апатынан 3 адам мерт болды

2019 жылдың 15 шілде 2019 18:36 548

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында жол апатынан 3 адам мерт болып, тағы 4 адам ауруханаға жеткізілді. Оқыс оқиға «Алматы-Көкпек-Көктал» тас жолының 40-шы шақырымында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жол көлік оқиғасы «Тойота Хайландер» және «Лада 21014» көліктерінің соқтығысуы салдарынан болған. Жол апатынан 3 адам қайтыс болды. Тағы 4 адам түрлі жарақатпен Есік қаласының ауруханасына жеткізілді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп мәлімдеді Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Ведомствоның мәліметінше, аталған фактіні облыстық Полиция департаментіндегі тергеу басқармасы жүргізеді.

Айта кетейік, жантүршігерлік көлік апатының видеосы әлеуметтік желіге жарияланды.

Жоғары қарай