Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 386.19
EUR 427.71
RUB 6.07
CNY 54.87

Алматы облысында жоғалған оқушы қыз жалдамалы пәтерден табылды

2019 жылдың 11 қараша 2019 06:44

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында жоғалған 14 жасар оқушы қыз жалдамалы пәтерден табылды. Анықталғандай ол ата-анасынан қашып, интернет арқылы танысқан жігітпен кездесуге кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы облысының полицейлері мен еріктілер жоғалған 14 жасар оқушыны екі тәулік бойы іздестіргенін хабарлаған болатынбыз.

«7 қараша күні Ұйғыр аудандық полиция бөліміне Үлкен Ақсу ауылының 37 жастағы тұрғыны баласының жоғалып кеткенін хабарлаған. 2005 жылғы Нигара Кадирдинованы іздеуге еріктілер мен полицейлер жұмылдырылды. Ол Алматы қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен табылды. Оқушы ата-анасының үйінен қашып кетіп, жігітіне барған», - деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Енді құзырлы орган баланың ата-анасын жауапкершілікке тарту жағын қарастырады.

Автор Самал Қабышева
Басты сөздер: Оқиға, Алматы облысы,
Жоғары қарай