Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Алматы облысында жастар форумы өтіп жатыр

2019 жылдың 18 маусым 2019 16:20

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда Алматы облысы жастарының форумы өтіп жатыр. Шараға Жетісу өңірінің 150-ге жуық жас өрені қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жастар көзқарасы: парасаттылық пен адалдық» тақырыбындағы шараның мақсаты - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде атап өткен 10 бағытты жүзеге асыру, жас мемлекеттік қызметшілердің кадрлық резервін қалыптастыру. Сондай-ақ жастардың бойына жемқорлыққа төзбеушілік қасиеттерді сіңіріп, жауапкершілікті арттыру, еркін ойлау, батыл сөйлеу, саяси белсенді болуға шақыру.


null

Форумға аймақтан 150-ге жуық жас қатысып, аға буынның ақылын тыңдап, секциялық оқуларда дәріс алды. Семинар-тренингтер арқылы өзін-өзі дамытуға, жаңаша көзқарас қалыптастыруға үйренуде. Жиын барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент басшысы Серікбай Нұрғисаев сөз алып, қатысушылармен өз тәжірибесімен бөлісті.


null

«Мансаптық өсу. Меритократия жолымен өзінің бойындағы қасиетті толық ақтап, толық көрсетіп, мемлекетке пайдасын тигізу керек. Және өзінің де қоғам алдындағы беделін көрсетіп өсуі қажет», - деп атап өтті департамент басшысы.

Жоғары қарай