Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 366.43
EUR 420.11
RUB 5.58
CNY 52.87

Алматы облысында жас келіншек өз баласын өлтірді деп күдікке ілінді

2018 жылдың 12 қазан 2018 17:42 351

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының полициясы өз баласын өлтірді деп күдікке ілінген 19 жастағы әйелді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ІІД-де баяндағандай, бұл дерек Талғар ауданындағы кенттердің бірінде тіркелді. 10 қазан күні мұнда 1,5 жасар баланың өлімі анықталды. Өз кезегінде, полицейлер өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындады. Оның алдын ала қорытындысы бойынша, сәбидің өлімі механикалық асфиксия салдарынан болған.

Тәртіп сақшылары ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімімен («Адам өлтіру») қылмыстық іс қозғады.

«Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен қайтыс болған баланың 19 жастағы анасы ұсталды. Қазіргі кезде күдікті әйел Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 128-бабына сәйкес аудандық полицияның уақытша оқшаулау камерасына қамауға алынды. Сот алдындағы тергеу жұмыстарын Талғар АІІБ қызметкерлері жүргізуде, сондай-ақ ол облыстық тергеу басқармасының бақылауында тұр», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Аталған фактінің мән-жайы сот алдындағы тергеу барысында анықталады. 

 

 

Басты сөздер: Алматы облысы, Оқиға,
Жоғары қарай