Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Алматы облысында үш ауысымда оқытатын 38 мектеп бар – Амандық Баталов

2020 жылдың 19 ақпан 2020 11:28

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында үш ауысымда оқытатын 38 мектеп бар. Бұл жөнінде дәл қазір халық алдында есеп беріп жатқан өңір басшысы Амандық Баталов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл 13 мектеп саламыз. Оның ішіндегі 8 мектеп үш ауысымда оқытатын білім шаңырақтарының мәселесін шешуге бағытталған. Жалпы бұл мақсатқа 11,2 млрд теңге қарастырылған», - деді А. Баталов.

Облыс әкімінің мәліметінше, үш ауысымда оқытатын 8 мектеп Жамбыл ауданының Жайсан, Қасымбек ауылдарында, Іле ауданындағы Түймебаев, Қараой, Жапек батыр, Қосөзен елді мекендеріндегі және Қарасай ауданына қарасты Шамалғанда орналасқан. Бірақ мұнымен мәселе әлі де өзектілігін жоғалтпайды. Сондықтан Алматы облысында жалпы құны 10,3 млрд теңгеге бағаланған тағы 6 мектептің құрылысын бастау қажет. Бір ғана Еңбекшіқазақ ауданының бес ауылына Ташкенсаз, Алмалыбақ, Үштерек, Іргели, Батан ауылдарымен Қарасайдағы Шамалған станциясында мектеп құрылысын бастау қажеттілігі туындап тұр.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың сөзінше, соңғы бес жылдың ішінде Жетісу жерінде 75 жаңа мектеп салынған. Оның ішінде 30 мың орындық 55 мектеп үш ауысым мәселесін шешуге бағытталған.

Бірақ Алматы облысында жыл сайын халық саны артуда.

«Мәселен былтыр бірінші сыныпқа 48 мың бала барды», - деді облыс әкімі.





Жоғары қарай