Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 383.01
EUR 430.12
RUB 6.10
CNY 55.70

Алматы облысында төрт жыл бұрын адам өлтірген күдікті ұсталды

2019 жылдың 11 маусым 2019 21:08 660

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында халықаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды. 55 жастағы азаматқа адам өлтірді деген айып тағылуда, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күдіктіні ұстау операциясы Райымбек ауданында жүргізілді. Ер азаматқа 4 жылға жуық уақыттан бері халықаралық іздеу жарияланған. Ол 2015 жылдың қараша айында адам өлтірді деген күдікке ілінген. 

«Іле ауданындағы қыстақтардың бірінде малшы болып жұмыс істеген  ол өзінің жанындағы жолдасын өлтірді деген күдікке ілінді. Ол оқиға болғаннан кейін бірден ізін суытқан. Осы уақытқа дейін күдікті  бір жерден екінші жерге көшіп, іздеу жұмыстарын қиындатты. Ол  таулы аймақтардың біріндегі қыстақта қолға түсті», - деп мәлімдеді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.   

Ведомствоның мәліметінше, күдікті Іле аудандық полициясының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты материал жақын күндері сотқа жіберіледі.

 

 

 

Жоғары қарай