Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Алматы облысында отбасын құтқармақ болған әке ұлымен бірге көз жұмды

2019 жылдың 21 қазан 2019 15:20

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында жер үй өртеніп, әкесі мен баласы қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы жағдай 5 қазан күні Еңбекшіқазақ ауданындағы Жаңашар ауылдық округіне қарасты Алиит саяжайында болған. Ауруханаға жеткізілген әкесі мен баласы алған күйіктерінің ауырлығынан 6 қазан күні жан тапсырды.

«Отбасының баспанасы өртенген. Ер азамат баласы мен әйелін құтқармақ болып, қызыл жалынға күйген. 1989 жылғы ер адам ауруханада қайтыс болды. 2012 жылғы баласы да ауруханада көз жұмды», - деді Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің өкілі Азамат Жұртбаев.

Аталған ведомствоның мәліметіне сәйкес, алдын ала болжам бойынша өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу салдарынан болған. Яғни, пештің мұржасы мен жанғыш заттардың арасындағы ара қашықтық сақталмаған.

Жоғары қарай