Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

Алматы облысында өрттен қаза тапқандар мемлекеттік наградаға ұсынылады – әкімдік

2019 жылдың 6 тамыз 2019 22:01 146

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында өрттен қаза тапқандар мемлекеттік наградаға ұсынылады. Бұл жөнінде Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаза болған азаматтардың отбасына мемлекет тарапынан қарастырылған барлық материалдық көмектер көрсетіледі. Бүгінгі күні жерлеу рәсіміне, сондай-ақ ары қарай материалдық көмек жағы қарастырылады. Атап айтқанда, бес баланың әкесі болған Үсенов Қанаттың отбасына Жаркент қаласынан жаңа жер үй беріледі. Балаларының жас ерекшеліктеріне қарай оқуға көмек көрсетіледі. Марқұм болған үш азаматтың үшеуі де мемлекеттік наградаларға ұсынылады», - деді Ғалымұрат Жүкел.

Естеріңізге сала кетейік, 5 шілде күні Панфилов ауданында дала өртін өшірмек болған 3 адам қаза тапты.

Жоғары қарай