Ауа райы
Астана -24 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Алматы облысында оқушылар мінген автобус жол апатына ұшырады

2019 жылдың 28 қыркүйек 2019 15:10

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында оқушылар мінген автобус жол апатына түсіп, 9 бала зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқиға Жамбыл ауданында болған. Қазір 9 оқушы Ұзынағаштағы аудандық ауруханада жатыр. Балалардың барлығы - Алматы қаласы Алмалы ауданындағы бір мектептің оқушылары. Олар автобуспен Таңбалы тасты көруге саяхаттап шыққан. Жапа шеккендердің барлығының жағдайы жақсы. Дәрігерлер жеткіншектерге жан-жақты тексеру жүргізіп жатыр», -деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Ведомство өкілінің мәліметінше, қазір оқиға орнында Жамбыл ауданының әкімі Бағдат Әлиев және прокуратура мен өзге де құзырлы орган өкілдері жол апатының толық мән-жайын анықтап жатыр.




Автор Самал Қабышева
Басты сөздер: Алматы облысы, Оқиға,
Жоғары қарай