Ауа райы
Астана 34 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Алматы облысында Қызылағаш оқиғасын еске алу митингісі кейінге шегерілді

2020 жылдың 11 наурыз 2020 13:20

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Қызылағаш апатына 10 жыл толуына орай еске алу митингісі кейінге шегерілді. Бұл — әлемде коронавирус дертінің таралуына байланысты сақтық шаралары, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елімізде коронавирустың таралу қаупі басым болғандықтан, облыс басшылығы еске алу митингісін белгісіз мерзімге шегеріп отыр. Ауыл жұртшылығы қайғылы жағдайды еске алып, опат болғандар рухына құран бағыштап, үлкен ас беруді жоспарлаған болатын.

«Қазіргі жағдайға байланысты Covid-19 вирусының таралуының алдын алу шаралары негізінде бұл ас кейінге қалдырылды. Уақыты белгісіз. Бірақ жағдай тұрақталғаннан кейін міндетті түрде аталып өтілетін болады», — дейді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Естеріңізге сала кетейік, 2010 жылы наурыздың 11-нен 12-не қараған түні толассыз жауған қар мен жаңбыр салдарынан Қызылағаш су қоймасының бөгеті шыдас бермей, бүкіл бір ауылды су шайып кеткен болатын. Алдын-ала дабыл қағылып, тұрғындарға ескерту жасалса да 45 адам қаза тапты. 400-ден аса үй қирап, 3 мыңдай адам баспанасыз қалған болатын.


Фото: nege.kz


Жоғары қарай