Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Алматы облысында көршісінің сиырын ұрлағандар мал сойып жатқанда ұсталды

2019 жылдың 5 сәуір 2019 21:02

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Панфилов ауданында сиыр ұрлаған азамат мал сойып жатқанда ұсталды. Нағарашы елді мекенінің тұрғыны ауылдасының малын қорасынан айдап әкетіп, өз үйінде сойған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

3 сәуір күні ауыл тұрғыны Панфилов аудандық полиция бөліміне шағым түсірген. Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары жәбірленушімен бірге ауылдың ішін шолып, жедел іздестіру жұмысына кіріседі. Маңайдағы үйлердің бірінде сиырды бауыздап, жіліктеп жатқан азаматтың үстінен түседі. Алғашқыда қасапшы өз малын сойып жатқанын айтып ақталған. Бірақ малдың құлағындағы белгі арқылы сиырдың заңды иесі анықталды. Қазіргі таңда мал ұрлау фактісі бойынша сот алды тергеу амалдары басталды. Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті қамауға алынды.

12 наурыздан бері Алматы облысы аумағында мал ұрлығы бойынша жедел іздестіру шарасы жүріп жатыр. Осы уақыт аралығында 89 мал ұрлау дерегі ашылды. 34 қылмыстың алдыңғы жылдары жасалғаны анықталды.

Шаруаларға ұрланған 60 бастан астам мал қайтарылды. Барлық бағыттағы жолдарда арнайы бекеттер қойылып, мал тасыған көліктер тексерілді. Нәтижесінде үй жануарларын құжатсыз тасымалдаған 323 факті тіркелді.

Жоғары қарай