Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Алматы облысында көліктері жолда тұрып қалған жеті адам құтқарылды

2020 жылдың 29 қаңтар 2020 14:21

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында жолға шыққан 7 адам қар құрсауынан құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат аймақтық ТЖД-не сілтеме жасап.

28 қаңтар күні 18:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты облыстық маңызы бар «Талдықорған-Қапал» тасжолы жабылған болатын.




«Соған қарамастан, Алматы облыстық ТЖД-не Көшкентал ауылынан шыққан жолаушылары бар көлік осы жолда қар құрсауында қалғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына Ақсу ауданы Қапал ауылдық ТЖД бөлімшесі (3 қызметкер мен Орал базасындағы 1 шнекоротор) жіберілді. Олар 10 километрге созылған автожол бөлігін қардан тазалап, 3 жеңіл және 1 жүк көлігін эвакуациялады. Оларды құтқарушылар Қапал ауылына жеткізді, автокөлік салонында 7 адам болған, барлығы ересек азаматтар. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», - делінген мекеме мәліметінде.




Алматы облыстық ТЖД азаматтарға ауа райы өзгерісін, метерологиялық мәліметтерді, смс-ескертулерді бақылап, жабық жолдарға шықпауға кеңес береді.


Жоғары қарай