Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 386.19
EUR 427.71
RUB 6.07
CNY 54.87

Алматы облысында көлік апатынан 4 адам мерт болды

2019 жылдың 28 қыркүйек 2019 17:38

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Бүгін таңғы сағат 05:50-де Алматы облысының Кербұлақ ауданында көлік апатынан 4 адам мерт болды. Жантүршігерлік оқиға Көктал-Сарыөзек тас жолының 140-шақырымында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқиға орнында 3 адам жан тапсырды. Алты адам түрлі дене жарақатымен Сарыөзек ауылындағы ауруханаға жеткізілді. Жансақтау бөлімінде тағы бір адам қайтыс болды. Қазір ҚК ҚК 345-бабының 4-ші бөлігі бойынша соталды тергеу жүріп жатыр», - деп мәлімдеді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Ведомство мәліметіне сәйкес, 4 адамның өліміне әкеп соққан көлік апатының тергеу жұмыстары облыстық полиция департаментінің өндірісінде.

Айта кетейік, жол апатында «Тойота Камри-30» және «Мазда-626» көліктері соқтығысқан.

Автор Самал Қабышева
Басты сөздер: Оқиға, Алматы облысы,
Жоғары қарай