Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 376.77
EUR 408.46
RUB 5.95
CNY 53.98

Алматы облысы: Тұрғындар арасындағы қарулы қақтығыстан бір адам қаза болды

2020 жылдың 21 қаңтар 2020 00:10

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысы Панфилов ауданы Көктал ауылында бір топ жігіттер арасында қарулы қақтығыс болды. Оқиға орнында бір адам қаза болып, төртеуі ауруханаға түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Екі жақ жанжал кезінде суық және атыс қаруын қолданған. Салдарынан 4 адам ауруханаға түсті. Оқиға орнынан 27 жастағы жергілікті тұрғынның денесі табылды.

Кейін анықталғандай, қақтығысқа оншақты адам қатысқан. Полицейлер олардың аты-жөнін анықтады, оның үшеуі тұтқындалды.

«Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық кодекстің 99, 24 және 293-баптары бойынша іс қозғалған. Оқиға облыстық Тергеу басқармасының және департамент басшылығының ерекше бақылауында», - деп мәлім етті облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция қылмысқа қатысы бар екі пышақ пен үш тегіс ұңғылы аңшы қаруын тапты. Олар айғақ ретінде іс материалдарына тіркелген. Қақтығыстың себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.


Автор Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Алматы облысы, Оқиға,
Жоғары қарай