Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Алматы облысында инвесторлар Абай Құнанбаевқа ескерткіш орнатты

2019 жылдың 25 мамыр 2019 12:05

ЖАРКЕНТ. ҚазАқпарат - Алматы облысында инвесторлар Абай Құнанбаевқа ескерткіш орнатты. Мүсіннің ашылу салтанаты Панфилов ауданы, Көктал ауылындағы Абай атындағы орта мектепте өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ескерткіш "Қорғас" Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының президенті Кахарман Джазиннің бастамасымен және инвесторлардың көмегімен бой көтерген.

"Бұл 2020 жылы атап өтілетін Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы қарсаңындағы тарту",-дейді ШЫХО-ның бас инженері Бақытжан Тастанбеков.

Биіктігі 4 метр болатын ескерткішті аудан әкімі Темірлан Бектасов салтанатты түрде ашып, соңғы қоңырау қарсаңында мектеп бітіруші түлектерге қазақтың ұлы ақыны Абайды оқуға шақырды.




null


null

Жоғары қарай