Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

Алматы облысында есірткі сатушылар ұсталды

2019 жылдың 2 тамыз 2019 14:50 192

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында есірткі таратумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция қызметкерлері бұған дейін де есірткі сатқаны және сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған қылмыстық топтың үш мүшесін ұстады. Есірткі сатушыларды ұстау бойынша арнайы іс-шаралар шілде айының соңында Текелі және Талдықорған қалаларында жүргізілді.

«Қылмыстық топтың яғни басшыларын және оның қамқорлығындағы адамдарды, сондай-ақ есірткіні өткізу орындарын анықтау екі айға жуық жүргізілді. Нәтижесінде өңірге есірткіні жеткізудің барлық тізбегін анықтап, қазір қамауда отырған үш күдіктіні ұстады. Барлық үш есірткі сатушылар гашиш пен марихуананы сату кезінде ұсталды. Қылмыстық топтан алынған есірткінің жалпы салмағы 10 килограмнан астам», - деп мәлімдеді Алматы облысы ПД баспасөз қызметінен.

Полицияда жыл басынан бері 50-ден астам есірткі сатушылар қолға түсіп, жауапкершілікке тартылды. Заңсыз айналымнан алынған есірткінің жалпы салмағы 360 кг-нан асты, оның ішінде героин, гашиш және марихуана бар.

«Тек төрт күн ішінде аймақта 9,5 килограмм түрлі есірткі тәркіленді. Есірткі сатқан күдіктілер Сарқан қаласында, Іле және Қарасай аудандарында ұсталды. Ұсталғандардың бірі сонымен қатар, құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірумен айналысады», - деп атап өтті баспасөз қызметі.  

Жоғары қарай