Ауа райы
Астана 32 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 414.46
EUR 451.35
RUB 5.77
CNY 58.12

Алматы облысында бәйге ұйымдастырылды деген ақпарат жалған - әкімдік

2020 жылдың 25 наурыз 2020 20:36

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Алакөл ауданында ат жарысы ұйымдастырылды деген ақпаратты әкімдік жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алакөл ауданының әкімдігі 25 наурыз күні Еңбекші және Жанама ауылдық округтеріне қарасты «Көкиірім« деген жерде әкімдік және халық тарапынан ешқандай іс-шара ұйымдастырылмағанын хабарлайды. Ауылдық округ әкімдері мен учаскелік инспекторлар тексеру жүргізді. Сондай-ақ, жіберілген аудио-видеолар бұрын түсірілген және жіберілген ақпараттар шындыққа жанаспайды», - делінген Алакөл ауданы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік және WhatsApp желісі арқылы Алакөл ауданында бәйге ұйымдастырылды деген хабар тараған болатын. Желі қолданушылары елдегі төтенше жағдай кезінде мұндай шараның өтуіне қарсы наразылығын білдірді.



Автор Самал Қабышева
Басты сөздер: Алматы облысы, Әкімдік,
Жоғары қарай