Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Алматы облысында ақшасымен көлікті аластаған полицей желіні шулатты

2019 жылдың 13 тамыз 2019 19:29

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде Алматы облысы аумағында қызметтік көлігін ақшамен аластаған полицейдің видеосы пайда болды.

Бүйірінде 246 саны белгіленген көлікті айналшықтаған тәртіп сақшысының бұл әрекетіне облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғ. Жүкел өз парақшасында түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ғ. Жүкелдің айтуынша, облыс аумағында «Бастық боламын» атты сериал түсіріліп жатыр. Ал полициияның көлікті аластау сәті түсірілім барысындағы эпизодтардың бірі.

Дәлел ретінде баспасөз хатшысы Facebook-тегі парақшасына кинотүсірілімнің басқа да сәттерін жүктеп қойған.


Перевод Самал Қабышева
Басты сөздер: Алматы облысы, Оқиға,
Жоғары қарай