Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 397.56
EUR 445.94
RUB 5.82
CNY 55.96

Алматы облысында 6 айлық сәби коронавирус жұқтырды

2020 жылдың 22 мамыр 2020 13:00

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысында 24 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Олар - Кеген, Іле, Ескелді аудандары мен Талдықорған қаласының тұрғындары. Науқастардың ең үлкені - 76 жастағы зейнеткер болса, ең кішісі - 6 айлық сәби, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, науқастар медициналық комиссиядан өту , медициналық көмекке жүгіну және бұрын ауырғандармен байланыста болған азамат ретінде тексерілу кезінде анықталған.

Қазір індет жұқтырғандар Талдықорғандағы әскери госпитальдің, Қарасай аудандық ауруханасының, Шелектегі аудандық аурухананың инфекция бөлімдеріне жатқызылды.

Олармен 143 адамның байланыста болғаны белгілі болды. Барлығы оқшауланып, эпидемиологиялық тексеру жүргізіліп жатыр.

21 мамырдағы жағдай бойынша Алматы облысында КВИ инфекциясымен тіркелгендер саны 262-ге жетті.


Жоғары қарай